Ернар Айдар әншілікті қойып, мал бағуға көшкен бе?

0
1 733

Әнші туған ауылына аттанған.


Ернар Айдар әншілікті қойып, мал бағуға көшкен бе?

ТЖ режимін бұзып, жалған ұтыс ойынын ұйымдастырған Ернар Айдарды құқық қорғау органдары ұстаған болатын. Өнер иесінің үстінен алаяқтық бабы бойынша іс қозғалғанымен, көп өтпей бастандыққа шықты. Осы оқиғадан соң ол біршама уақыт әлеуметтік желіде көрінбей, жазба да жазбаған. Тікелей эфирге де шықпаған. Бірақ бірнеше күн бұрын әнші Инстаграм парақшасында ауылда жүрген сәтінен суреттер жүктеді.


Әншінің суреттерінде мал бағып, ешкі мен лақтарын тамақтандырып жатқаны көреміз. Оның әзірге қалаға қайту ойында жоқ секілді.



Ұтыс ойнына қатысып, алданып қалған оқырмандары Ернар Айдарға ақшасын қайтаруды сұрап хат жазған. Ал Ернар Айдар болса олардың ақшаларына қатысы жоқ екенін жазып қалдырды. Алданған адамдардан алыста болғысы келді ме, әлде қала тіршілігінен шаршады ма, әйтеуір әнші ауылға аттаныпты.