"Ержан Максим деп қалдық": Димаштың жерлесі "Голоc. Дети" байқауының финалына өтті (видео)

0
1 268

Қазақстандық әнші қоңыр даусымен ресейлік танымал әншілерді таңғалдырды.


14 жастағы ақтөбелік әнші Мейіржан Жидебай ресейлік "Голос.Дети" тележобасының финалына өтті. Осымен сегізінші рет өткізіліп отырған байқауда жас әнші Полина Гагаринаның тобында өнер көрсетті.

Байқау ережесіне сәйкес, алдымен Мейіржан ресейлік Дарья Марцынкевич және Екатерина Кретовамен бірге "Замок из дождя" туындысын шырқады. Бұл әнді өзге қатысушыларға қарағанда қазақ баласының әсерлі етіп орындағанын тыңдармандар да, әділ қазы мүшелері де бірден байқады. Сондықтан үш жас орындаушының ішінен кезекті турға Полина Гагаринаның шешімімен Мейіржан өтті.



Содан кейін таңдалған бес қатысушы кезекпен өздері дайындаған әндерін шырқады. Қазақстандық өнер иесі Бейонстың "Listen" атты туындысын тамылжыта орындап берді.



Саханаға шыққан бес қатусышының тек екеуі ғана финалға өтуі тиіс еді. Нәтижесінде, Мейіржан Жидебай мен Артем Морозов шоуда қалып, ән байқауының финалына шықты.



Мейіржанның әнді шырқаған видеосы Youtube желісінде жарияланды. Тыңдармандар жас әншінің талантына таңданысын жасыра алмағанын жеткізді.

"Ержеткен Ержан Максим ба деп қалдық", "Ол бәрінен керемет", "Дарья мен Екатарина да керемет әнші, бірақ "Замок из дождя" әні Мейіржанның оң жамбасына келді деп ойлаймын. Ол керемет орындады", - деген пікірлер жазылған.

Айта кетейік, 14 жастағы Мейіржан Жидебай "Junior Eurovision Qazaqstan" музыкалық жобасының финалисті, сондай-ақ, "Baqytty bala" конкурсының бірінші дәрежедегі лауреаты.