"Есім кетіп барады": Димаштың ашық образы оқырмандарының ұйқысын бұзды

0
2 360

"Қайырлы түн дейсің, бірақ мен енді қалай ұйықтаймын"


Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі парақшасына оқырмандарын естен тандыратын сурет жариялады.


Димаш төсекте жатқан сәтінен селфи жасап, Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жүктеген.

"Бүгін өте жемісті күн болды. Барлығыңызға қайырлы түн", - деді ол фотоның астындағы жазбасында.


Өнер иесі оқырмандарына "қайырлы түн" тілегенімен, керісінше оларды ұйқысынан айырған секілді.


"Мұндай ядролық қаруды қолдануға болмайды", "Қандай кереметсің", "Есім кетіп барады", "Ақыл есімнен айырдыңыз", "Бұл суретті көріп ұйқым ашылып кетті", "Сізге ғашықпын", "Суретті таңертең көргенім қандай жақсы болды, әйтпесе ұйқым бұзылатын еді", "Жан мен тән сұлулығын бойына жинаған əлемнің сегізінші кереметі", "Өнеріңмен адамдық қасиетіңе тəнтімін", "Аман бол қазағымның төре баласы! Әрдайым сені қолдаймыз", "Бұл суретті он рет қараған шығармын", "Қыздар, өздеріңді ұстаңдар" деп жазды әншінің еліктіргіш бейнесін көрген желі қолданушылары.