Гауһар Әлімбекова: «Бостандықта жүрмейтіндей қоғамға қауіпті адам ба едім?!»

0
2 272

Әнші Гауһар Әлімбекова түрмеден шыққан соң бірінші рет ән салды. Ол әнші Ақбота Керімбекованың ұлының тойына келді.


Гауһар Әлімбекова: «Бостандықта жүрмейтіндей қоғамға қауіпті адам ба едім?!»

Иә, әнші Гауһар Әлімбекованың басына қандай іс түскенін көпшілік оқырман жақсы біледі. Ол әнші Ақбота Керімбекованың ене, құдағи атанған тойына қатысты. Темір тордан кейінгі алғашқы әнін осы тойда шырқады.

Әйтсе де, әншіні «НЕГЕ ЕРТЕ ШЫҚТЫ?» деп, шағымданғандар да бар көрінеді. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазды:


gauhar_alimbekova_official: «Қайырлы кеш, достар!
Міне, өмір деген ақ пен қарадан тұратыны секілді, жүрегім езіліп, көзімнің ащы жасы басылмай, жаным жабырқап, осы жағдайдан соң біраз есеңгіреп қалған едім...

Бірақ, жығылғанға жұдырық болып, сансыратып кек алсам деп, содан ляззат алатын Б әпке біріншіден Алла, екіншіден, xалықтың дұғасы мен маxаббатының арқасында тар қапастан босатқандағы қуанышымызды су сепкендей басып, "неге ерте шықты" деп арызданғанда, мұндай сезімге ерік беріп, басқаның қуанышын, ырыс-бағын көтере алмайтын адамға не айтуға болатынын білмей, үндемей қоя салған едім...

Кейінгі мәселе: менің басыма осындай қиын жағдай түскенде, қолдауларын білдіріп, жанымнан табылған Ақботаның қуанышына ортақтасып, xалықтың алдына шығып, барғаным үшін де кінәлі болып, "тойға барды" деп, тағы да арызданғаны ақылға сыймайды. Бұл өмір не болып бара жатыр?! Мен шынымен де, бостандықта жүрмейтіндей қоғамға қауіпті адам ба едім?! Менің де халықпен сағынысып, қауышуға хақым бар шығар?!.

Қалай десек те, халық – көреген. Халық – дана. Халық ақ пен қараны жақсы ажырата біледі. Бұл жағынан қателеспейді... (айып етпеңіздер, сіздермен бөліссем ғана жеңілдеймін...)



Желі қолданушылары әншіге қолдау көрсетіп, «Сіздің халықтың арасында жүруіңізге себепкер бірінші Алла кейін халық пен әріптестеріңізге Алланың нұры жаусын. Халыққа әсем әндеріңізді жеткізе беріңіз!» деп жазды.


Фото: @gauhar_alimbekova_official

Видео: @gauhar_alimbekova

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Жанияның видеосын көпшілік ПОРНОҒА теңеді (ВИДЕО)
Алмас Кішкенбаевтың ӨМІРІ 3 минутта... (видео)