Ғалымжан Молданазар: "Мен "наркоман" емеспін!"

0
2 071

​Өзінің ерекше стилі арқылы көпшіліктің қарсылығы мен қызығушылығын қатар арқалап жүрген Ғалымжан Молданазар кеше "The Эфир" бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызына сұқбат берді. Әңгіме барысында ол көрермендердің "Шегіп алған ба?" деген сияқты әңгімелеріне түсіністікпен қарайтынын айтты.


Ғалымжан Молданазар:

Өзінің ерекше стилі арқылы көпшіліктің қарсылығы мен қызығушылығын қатар арқалап жүрген Ғалымжан Молданазар кеше "The Эфир" бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызына сұқбат берді. Әңгіме барысында ол көрермендердің "Шегіп алған ба?" деген сияқты әңгімелеріне түсіністікпен қарайтынын айтты.

Ғ. Молданазар: "Музыканы енді бастағанымда бәрі айтатын. Мынау не музыка, мынау «наркомандардың» музыкасы... Әлі күнде дейін айтады, оған үйреніп те қалдым. Бәріне бірдей ұнай беру мүмкін емес! Бірақ бір қуанатыным, біздің қолымыздан келді, өзіміздің көрермендерімізді таптық, олар жылдан-жылға апта сайын көбейіп келе жатыр. Өте қуаныштымын! Мен «наркоман» емеспін, мен нашақорлықты насихаттамаймын, қарсымын!"

Осыдан бөлек әнші Қазақстанды қатты жақсы көретінін, өзге елге саяхаттауға құмартпайтынын тілге тиек ете кеткен. Форматы өзгеше әнші тойға көп шықпайтынын да жасырмады. Өйткені өзін қабылдамайтын ортада, әсіресе жастар ғана мәз болып, басқалар "жиеркеніп" қарап тұрса жұмыс істей алмайтынын, ақшадан бұрын біреудің қызықшылығын құртқысы келмейтінін айтып ағынан жарылды.

Фото: tengrinews.kz

Қарашаш Есенбай

WWW.ERNUR.KZ