Гүлзира Айдарбекова немересін неліктен "Ақмөр" деп атағанын түсіндірді

0
14 145

Немересіне ерекше есім берген продюсер оның мәнін түсіндірді.


Гүлзира Айдарбекова немересін неліктен

Өткен аптада қазақстандықтар бас жұлдыздарының немере інісі дүниеге келді деген жаңалықты естіп қуанған болатын. Қайраттың інісі Аян мен келіні Әйгерім көптен күтен тұңғыштарын бүгін үйіне алып келді. Нәресте мен немерелерінің суретін жариялаған Гүлзира Айдарбекова немересіне "Ақмөр" деп есім бергенін және неліктен олай атағанын айта кеткен.

Гүлзира Айдарбекова: "Ал енді сіздер асыға күткен, немереміздің есімін айта кетейін. Немереміз жұма күні тура намаз уақытына таяп, Аян мен Занғар дәретін алып мешітке шыға бергенде "Сүйінші"xабар келді. Сонымен ары ойлап, бері ойлап жадымда сақтап жүрген бір есім бар еді. Кезінде Сезімге қоямын дегенімде, Сезім атасы сияқты қара қыз болып туылды, оны сезімтал болсын деп ырымдап Сезім қойдым. Одан соң, Алауға қойсам деп едім, Алауым одан да қара қыз болып туылып, дереу басқа ат түнімен ойлап, көрген жұрттың жүрегін қарып өтсін, алаудай жалындасын деп, Алау қойдым. Өкіл қыздарыма Жания, Раяна есімдерін қойдым, оларға да бұйырмады. Енді міне Жұма күні, намаз басталарда дүние есігін ашқан немеремді Ақмөр деп атадым. Олай деуімнің себебі: анам қыз тусаң атын осылай атасаң екен деп еді. - Бұл сөздің мағынасы қалай дегенімде: Алланың жіберген таңбасы деген болатын. "Бір жапырақ түссе де Алланың қалауымен" деген, қанша жерден ағаларымның қыздарына қоямын десем де, өзге немерелеріме қоямын десем де реті келмей жүрген есімнің, бүгін Алланың қалауымен реті келген екен. Құттықтауларыңыз үшін менен мың тағзым!".


Фото: gulziraaidarbekova

ERNUR.KZ