Гүлзира Айдарбекова оқырмандарға мұңын шақты

0
8 621

Ол өзінің жазбасында қазір ақша үшін күнә жасайтындарды сынға алды. Оның айтуынша, өзге біреулер соңғы кездері инстаграмда жалған аккаунт ашып продюсерді жек көргізу мақсатымен түрлі амалдар жасап жүр.


Гүлзира Айдарбекова оқырмандарға мұңын шақты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өз оқырмандарына мұңын шақты.

Ол өзінің инстаграмға жарияланған жазбасында қазір ақша үшін күнә жасайтындарды сынға алды. Оның айтуынша, өзге біреулер соңғы кездері инстаграмда жалған аккаунт ашып продюсерді жек көргізу мақсатымен түрлі амалдар жасап жүр.

Ол туралы " Мынадай жалған парақшалар көбейіп барады. Амансыздар ма, менің сүйікті оқырмандарым! 2-3 күннен бері таң қалып жүрмін. Осылай жалған парақшалар ашып, Рамазан айының оразасында мені жек көрсету амалымен, жүрегінде мейірімі жоқ, қатыгез, Құдайы жоқ адамдар десеңізші , жалдап және жалданып отырған. Бір Алла бар шығар, мейлі ...дегендері білсін, ол жасандылықтарынан мен кеміп қалмаймын. Раxмет көпшілігіңіз түсініп жазып отыр екенсіздер, "не деген іштарлық, көреалмаушылық " деп. Заман өзгеріп бара жатқан жоқ-ау, керісінше заманымыз өте әдемі, адамдардың ниеті осылай азғынданып, іштеріне жын кіріп алғандай, қарап отырып үрей тудырады. Бұлай бола берсе, көп ұзамай-ақ, осындай азғындардың кесірінен Құдайдың қаhарына ұшырамасақ болар еді. Үйде отырып, интернетпен табыс тауып отыра бересіз,- деген жарнамалардың бәрі болмаса да көбісі осылай алаяқтықпен ақша табуға шықты. Блогқа тықсаң, қайта басқа парақша ашып, атын өзгертіп алып, тура бір қапты тесіп кіретін крысалар секілді, қайта шыға келеді. Мейлі бір Алла өзі реттер .Бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді дегендей, қара пейілді, сасық сөзді, ащы тілді адамдардың зияны барша елдің сорына болмаса екен. Тек тілерім: естеріңізді жиыңыздаршы.... Не сұмдық, бір Қазақ шықса бір-біріңнің етіңді жеп... Соңғы кездері, біз сізді мойындаймыз деген жылы сөздер, ізгі тілектер көбейіп еді ел аузынан, біреулерге жақпай қалса керек, дереу кері пікірге xалықты итермелеп, маска киіп, ауыздарына келгенін айтып отырғандары қалай жиіркенішті. Бүгінгі тапқан арам, күндігіне 2-3 мың қасиетсіз теңгелерің үшін, ертең ұрпақтарыңа берілгенде қан жылап қалмаңыздар. Көбіне адамның жасаған оңбағандығын Құдай сол адамның жанына батыруы үшін, тәубәсінә түсуі үшін, ең жанды жері баласы мен анасына үлкен сын береді екен. Ойланайық, ағайын, бәріміз бір қазақтың баласы екенімізді..."-, деп жазды танымал продюсер.

Мұны оқыған желі қолданушылары продюсерді сабырлы болуға және ондай пейілдегі адамдарға назар аудармауға шақырды.

Фото: @gulziraaidarbekova

ERNUR.KZ