"Иә, мен екіжүздімін": Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға жауап берді (видео)

0
8 545

Иманбаева "көкбет" емес, мінезді екенін айтып, өзіне орынсыз тіл тигізбеуге шақырды.


Әнші, актриса әрі жүргізуші Айгүл Иманбаева Ютуб-тағы "Aigul Imanbayeva LIVE" арнасында өзіне сын айтқан халыққа арнап видео жариялады.


Өткен аптада КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына Бүркіт пен Айгүл Иманбаева қатысып, лотерея ойнатуға қатысты сұрақтарға жауап береген болатын. Бағдарламадан соң әлеуметтік желілерде Айгүл Иманбаеваны қаралаған пікірлер қаптап кетті. Айгүл Иманбаеваға өзін қаралағандарға жауап ретінде видео жүктеді.


- Айтарларыңызды айтып болдыңыздар ма? Енді мен, осы жолы айқайламай бәрін айтайын. Менің студияға келуімді ешкім күткен жоқ. Айтар ой аяқтың астында қалды. Әңгіменің бағыты мүлдем басқа жақа ауысты. Мияулаған, басы бар, аяғы жоқ әңгіме болды, - дейді әнші.


Айгүлдің айтуынша, оны ешкім эфирге шықырмаған. Егер алаяқ болғанда тып-тыныш, үйде теледидардан көріп отырып, не болмаса қашып кететін едім дейді.


"Иә, халық - ұлық, тобыр - былық. Абайдың 17-ші қара сөзінде Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп. Ендеше көпте, яғни тобырда ақыл жоқ деген. Оны мен емес, Абай атамыз айтып кеткен. Қасиетті Құранда ғайбат айту - өзіңнің туған бауырыңның етін жеумен бірдей деген. Көкбет адам жөн-жосықсыз, орынды-орынсыз аузына келгенді айтып байбаламға салатын адам емес пе? Ал, мінезді адам ол бір басқа. Жылқыда да мінез бар. Жуас жылқыны адамдар тек жұмысқа жегеді. Ал, асау жылқы аламанда шабады. Мінезді адам ғана тұлғалыққа бара алады. Иә, мен мінездімін, екіжүздімін. Бірінші жүзім - мейірімді, шынайы, ашық. Ал, осы болмысымды аяққа таптағанда мен ғана емес, әр адамның жан айқайы көмекке келсе керек", - деді әнші.



Еске сала кетейік, "Астарлы ақиқаттың" соңғы шығарылымында әнші Бүркіт пен Айгүл Иманбаева студияға келіп, жұлдыздар өткізіп жатқан лотореялар туралы өзекті сұрақтарға жауап берген болатын.


Оқи отырыңыз: "Халықтан ақша жинап, мұқтажға көмектесемін дейді": Бүркіттің "ақталғаны" оқырмандардың ашуына тиді (видео)