«Ішімдегі қыз ғой» : Наркенже Серікбаева екінші рет ана атанбақ

0
2 077

«Сүйінші күтеміз!» - дейді Мақпал Жүнісова.


«Ішімдегі қыз ғой» : Наркенже Серікбаева екінші рет ана атанбақ

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева жақында екінші рет ана атанбақ. Танымал әнші аяғы ауыр екенін тыңдармандарынан жасырын ұстап келгені білінеді. Себебі, бұған дейін өткізген өз туған күнінде де, немересінің тұсау кесу тойында да барынша кең етек көйлек киіп, суретке түскенде де алдына гүл қойып, ішін жасыруға тырысып еді. Алайда, ақкөңіл өнер иесі Шымкентке қонаққа келген Мақпал Жүнісоваға сыйлық сыйлаймын деп бар шындығын жайып салғанын байқамай қалды.

Ол өнердегі алдыңғы буын сыйлас қадірлі әпкесі Мақпал ханымға арнайы сырғаны сыйлап жатып: «Ішімдегі қыз ғой негізі, сіздің жолыңызды, жақсы күніңізді берсін! Сізге ұқсаған халықтың ерке қызы болсын!» деп ырымдады.

Ал Мақпал Жүнісова болса: «Шымкентте тұрады ғой. Мен Алматыда боламын. Туған күніме алдын ала сыйлығын жасап жатыр. Көп рахмет! Алла разы болсын! Бақытты бол! Аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал! Сүйінші күтеміз! «Сүйінші менен!» деп айтамыз ғой», - деп ағынан жарылды.



Айта кету керек, Наркенже Серікбаеваның Жансая атты үлкен қызы, Мұхамеджан есімді немересі бар.