«Ішімдік ішіп, желіні былғайды»: Тараздық блогер Мұрат Әбділдәні қатаң сынға алды

0
2 356

«Жастарымның жүр санасын улап»


«Ішімдік ішіп, желіні былғайды»: Тараздық блогер Мұрат Әбділдәні қатаң сынға алды

Әлеуметтік желіде Мұрат Әбділда тікелей эфирде түрлі бәйәдеп әрекеттер жасап, өнер иелерімен ерегіске де барып жатады. Тараздық блогер Шәкір Бақберген Мұрат Әбділданың іс-әрекетін қатаң сынға алып, ән арнады.


Оның айтуынша, қолдауға ие болған сайын оған еліктейтіндердің қатары көбейіп барады. Блогер жас буынға дұрыс тәрбие беру керектігін айтады. Сондай-ақ ол жалаңаштанатын эстрада сұлулары мен намыссыз жігіттерді сын садағына алыпты.




Шәкір Бақберген – әлеуметтік желіде осылайша әндерді қайта өңдеп, түрлі тақырыптарды қозғап жүрген блогер. Ол бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыс, қазақ тілінің жағдайы және өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарының әрекетін сынаған болатын.