«Ішіп алдым мен мал құсап»: Shiza өзінің әрекетіне ақталып ән шығарды

0
1 932

«Өтірік намыстарың оянып кетті»


«Ішіп алдым мен мал құсап»: Shiza өзінің әрекетіне ақталып ән шығарды

Концертте көк туды қорлады деген Shiza лақап атымен белгілі болған әнші өзінің іс-әрекетін түсіндіріп, ақталды. Ол инстаграмдағы парақшасында «number 1 dushpan freestyle» деген тақырыппен шағын бейнеүзік жариялады. Видеода өзінің қазақ екенін, руының қыпшақ екенін, сахнаға мас күйде шыққанын, алайда туды таптамағанын, жәй ғана көрерменге табыстамақшы болғанын, ту ортақ болғандықтан, «біреудің көк туы» деп айтқанын, енді мас күйде шықпайтынын, қатты өкінетінін айтады.


«Еркекті құртатын арақ-шарап,

Ертеңді ойлап істеу керек екен,

Амал, шара.

Еркектің жолы ауыр,

Еркектің жолы дара.

Не болғанын түсіндірейін адамша,

Видеомен емес,

Өлең арқылы оданша.

Мен қазақпын,

Руым Алтыбас, Қыпшақ,

Мен қазақпын

Соңғы демім қалғанша.

Руыммен емес, ұлтыммен мақтанамын

Көк туды айтар кезде

Туды таптамадым.

Мен туды лақтырмадым да,

Артық қылам деп тыртық болды.а

Шықтым сахнаға

Жардым танцполды

Менімен жақын таныс бол, бауырым

Түсіндіріп берем,

«Біреудің қымбат туы» дегенді

Ту ортақ ол белгілі

Бірақ туды заттай алсақ, менікі емес.

Сонда жүрген біреудікі.

Сондықтан да мен айттым «біреудікі».

Көрерменге бергім келді табыстап

Оянып кетті сендердің өтірік намыстарың

Ойымды жеткізе алмадым мен дұрыстап

Мойындаймын, ішіп алдым мен мал құсап,

Егер де артық кетсем айып етпеңдер басқа тиді.

Сахнада көрмейсіңдер мас күйде енді мені.

Мен просто бергім келді көрерменге табыстап.

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!» - делінген әлгі видеода.

«Ирина Кайратовна» мен Shiza-ның әрекетін қоғам әлі сынап жатыр. «Туды қорлағандар заңмен жауапқа тартылады!» деді Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин. Осыдан соң жігіттер халықтан кешірім сұрады. Алайда, желіде аталған әншілер турасындағы әңгіме саябырсымай тұр. Тіпті, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп бұл жігіттерді сахнаға 5 жыл шығармауға депутаттық сауал жолдады. Әзірге әліптің артын бағу ғана қалды.