«Қабырғасы мен жамбасы қатты сынған»: Жантүршігерлік жол апатына ұшыраған Саят Медеуовтің жағдайы белгілі болды

0
1 055

«Екі рет ота жасалды»


«Қабырғасы мен жамбасы қатты сынған»: Жантүршігерлік жол апатына ұшыраған Саят Медеуовтің жағдайы белгілі болды

Танымал әнші Саят Медеуовтің жамбасына Талдықорған қалалық ауруханасында екінші операция жасалды.

Бұл туралы өнер иесінің досы әрі белгілі сазгер Ербол Спанәлиев айтты.

Ерболдың айтуынша, Саят отырған көлік Талдықорғанға жете бергенде жол апатына ұшыраған. Мәшинаны әншінің жиені тізгіндеген. Жүргізуші жиені жолда ұйықтап кетіпті. Жол апатынан Саяттың қабырғасы мен жамбасы қатты сынған.

«Кеше дәрігерлер Саяттың жамбасына екінші операция жасады. Операция сәтті өтті. Қазір Саяттың жағдайы жақсы. Ол жансақтау бөлімінен травматологияға ауысты. Қазір әншінің әйел, бала-шағасы қасында жүр. Саяттың сөйлесуге мүмкіндігі бар. Кеше кешке хабарластым”, - дейді досы Ербол Спанәлиев.

Оқыс оқиға Алматы-Талдықорған тас жолында болған.

Саят Медеуовтің жол апатына ұшырағанын естіген өнер адамдары да уайымдап қалғандықтарын жеткізуде. Әншінің өнердегі ағасы Нұрлан Өнербаев та «Ең бастысы, аяққа тұрып кететініңе сеніміңді жоғалтпа!» деп жазды.