Қайрат Нұртас базарда гүл таратып жүр (видео)

0
4 135

Базардың ортасында жанды дауыста ән де шырқап берген.


Қайрат Нұртас базарда гүл таратып жүр (видео)

Танымал әнші, хитмен Қайрат Нұртас қолына бір құшақ гүл алып, оны базардағы сатушы қыз-келіншектерге тарту еткен және көпшілікпен бірге "Ана" әнін жанды дауыста шырқаған. Бұл туралы әнші өзінің instagram парақшасына видео жүктеген.

Хитменнің бұл әрекеті қыз-келіншектердің мереке алдындағы көңіл күйін көтеріп тастағаны кадрлардан байқалады.

Оқырмандары да Қайраттың ісін қарапайымдылыққа балап, парақшасына ізгі лебізді жазбаларын қалдырған.

"Күшті, жарайсың! Аналарымызды қуантып жатсыз, сізге рахмет!", "Кішіпейіл бола білу де өнер", "Қандай керемет! Аналар қуанып қалды, адамның көңілі гой", "Осылай халықпен бірге жүргенің дұрыс", "Жарайсың Қайрат!" - дейді желі қолданушылары.



Айта кету керек, мұның алдында Төреғали Төрәлінің де метрода қыз-келіншектерге гүл таратқан видеосы жарияланған болатын. Ол "Ана туралы жырды" шырқап жүріп метродағы қыз-келіншектерге раушан гүлін ұсынып еді.