Қайрат Нұртас: "Тойды көп көрдіңдер... Өліммен бітіп жатыр"

0
4 712

Әнші тойға тыйым салуға түбегейлі қарсы.


Қайрат Нұртас:

ERNUR.KZ. Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас пен Argonya Ютуб-тағы "ShowNewsKZ" бағдарламасына сұхбат берді. Қос әншінің "Маскүнем" деп аталатын жаңа туындысы жайлы басталған сұхбаттың соңы тойға тыйым салу жайлы сұрақпен аяқталды. Пандемияға байлынысты тойды 2 немесе 5 жылға дейін тоқтатуға өнер иелері қарсы болды.


Бағдарлама жүргізушісі "Тойсыз өмір сүруге дайынсыздар ма?" деп сұрақ қойды.


"Әрине, тойға қарап қалған түгіміз жоқ. Бізді кейбіреулер "той әншілері" дейді. Біз тойға не үшін барамыз? Той - қазақтың қазынасы. Сол тойда кездесесің.

Сол тойды көп көрдіңдер. Не болды соңында? Өліммен бітіп жатыр бәрі. Осы тойды көре алмағандар, арты не болды? Өлім болып жатыр. Қызық емес болып жатыр. Той тойлап жүре беруіміз керек еді. Тойға тыйым салуға түбегейлі қарсымын" , - деді Қайрат Нұртас.