​Қайрат Нұртастың жаңа әні оқырмандарына «ӨТІП» жатыр

0
2 736

Ол жаңа «Ешкімге сенбе» атты әнін ұсынды.


​Қайрат Нұртастың жаңа әні оқырмандарына «ӨТІП» жатыр

Ертең, сәуірдің 2-сі күні @kn_vocal_dance_almaty вокал мектебінің алғашқы шығармашылық концертін өткізгелі отырған әнші Қайрат Нұртас тағы бір жаңа әнін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы әнші өзінің инстграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Специально для «1 апрель-никому не верь» новая песня десең... Жаңа стильде жастарға арналған жаңа әнімді қабыл алыңыздар! Сіздерді қайдам, бірақ өзіме өтті…» деп жазған ол жаңа «Ешкімге сенбе» атты әнін ұсынды.

Әншінің «ӨТТІ» сөзін іліп әкеткен оқырмандары жастарға арналған жаңа әннің ұнағанын сол сөзбен білдірісті. Сонымен қатар, желі қолданушылары бүгін танымал әншінің әрбір пікірге «лайк» басып, сұрақтарға жауап бергеніне де разы болысуда.

Барлығы да Қайрат Нұртасқа шығармашылық табыс тілеп, бұл әнінің де «хит» боларына сенімді.