Қайсыңыз көшеде кимешек киіп, үкі тағып жүрсіздер - Мөлдір Әуелбекова

0
2 518

Киім үлгісін өзгерткен әнші халықтың сынына жауап берді.


 Қайсыңыз көшеде кимешек киіп, үкі тағып жүрсіздер - Мөлдір Әуелбекова

Жақында ғана екінші мәрте тұрмыс құрып, киім үлгісін, тіпті есімін де ауыстырып, түбегейлі жаңа образға енген әнші - Мөлдір Әуелбекова, осы үшін өзін сынға алған оқырмандарына жауап берді. Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында жазды.

"Мінсіз адам болмайды... Бірақ, сол пенде өз кемшілігін біліп, тәубеге келер болса, Аллаh тағала дұғасын қабыл етеді.Орамалға тиісіп, Алланың әмірін талқылауға ешкімнің қақы жоқ деп есептеймін. О, баста Арабтар пұтқа сиынған, жамылғы кимеген. Олар да Алланың әмірімен киген, тек біздерден әлдеқайда ертерек. Омар ибн аль-Хаттаб киносын көріп, Исламға дейінгі араб әйелдерін қарап алыңыздар.

Араб болма Қазақ бол дейсіздер... Қайсыңыз көшеде кимешек киіп, үкі тағып жүрсіздер? Өздеріңіз де қытайдың киімін жабыстырып, афроамерикандықтардың джинсы шалбарын бұттап, түріктің көйлегін киіп жүрген жоқсыздар ма? Мәселе киім үлгісінде емес, мәселе Алланың әмірінде! Ал, оны кім, қалай және қашан орындайды - өз еркі. Сіз 5 парыздың қайсысын орындап жүрсіз? Иман келтіресіз бе? Әурет (әйелдерге бет жүзі мен қолдан басқа жер) жауып намаз оқисыз ба? Ораза ұстайсыз ба? Қажылық өтедіңіз бе? Зекетіңізді бересіз бе? Орындамасаңыз Алла парыздарыңызды орындауды нәсіп етсін! Бос сөзді қояйық мұсылман бауырлар! Дін ұлтқа немесе дәстүрге бөлінбейді! Ақыретте әр пенде өзі үшін ғана жауапты. Басқа бәле тілден демекші, екі иығыңызда екі періште әрбір сөзіңізді қалдырмай жазып отырғанын еске алып, Алланың бұйрығына қарсы келіп күнә арқаламаңыздар, өтініш! Алланың өзі де, сөзі де РАС! Сіздерді Алла разылығы үшін жақсы көремін әрі, жүректерге хидаят берсін деп тілеймін!" - деп жазады әнші.

Алайда сынға реніш білдірген әншіні, оқырмандарының басым бөлігі бұл жолы да аямаған.

"Біздің Қытай киімін кигенімізді 500 немесе 1000 адам көрген шығар. Ал сіздің бұған дейінгі киімдеріңізді бүкіл халық көрген. Тереңнен айтып ұялытпай-ақ қояйын", "Мөлдір өзіңізде сол қытай, түрік киімдерін киіп өстіңіз, артық сөйлемеген дұрыс шығар деп ойлаймын!", "Әркім табылғанын киеді, өйтіп кеудеңді керме, өзіңде кигенсің кезінде", "Джинсыны сен орамалменде киіп, басың иман, аяғың иван болып жүрген жоқсынба?", " Жұрттың киімін өздерің қытайдың, афроамериканецтердің киімдерін киіп жүрсің деп сынама. Ол киімді сен де кидің. Біз сені "Суперстар" жобасынан бастап білеміз, ары қарай "Кешью". Сол үшін..." - деп жазады оқырмандар.

ERNUR.KZ.