"Қалаулым" жұлдызы енесін балағаттады деп айыптағандарға жауап берді

0
2 548

Айдос Игіліков: Заринаны әрі қарай өзім тәрбиелейтінім туралы айттым.


ERNUR.KZ. "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы әрі жас журналист Айдос Игіліков желіде өзі туралы тараған қауесеттерге жауап берді. Оның отандық арналардың біріне берген сұхбатын желідегілер бұрмалап жіберген, деп жазады kaz.nur.kz.

Нақтылап айтар болсақ, Айдостың енесі жайлы айтқан сөздерін белгісіз біреулер монтаждап, бұрмалаған.

"Мен отандық арналардың біріне сұхбат беріп, отбасылық өмір туралы айттым. Рас, қайын енемнің отбасылық өмірге араласпауын, жұбайым Заринаны әрі қарай өзім тәрбиелейтінім туралы айттым. Бірақ мен енеме тіл тигізіп немесе балағаттаған емеспін. Ондай тәрбиесіздер қатарында жоқпын. Әке-шешем маған үлкенді сыйлауды бала күнімнен үйреткен. Алайда, менің сөзімді балағат секілді көрсетіп, монтаждағандарға сенбеңіздер. Мәселен, теледидарда бейәдеп сөздер айтылса арнайы сигнал арқылы басады ғой. Менің сөздерімді де сондай дыбыспен басып, таратып жіберген. Бірақ мен ешқандай да балағат сөзін айтқан жоқпын", - деді Айдос. А

Айта кетейік, журналист "Қалаулым" шоуы арқылы танылған Зарина есімді бойжеткенмен отбасын құрды.