"Қалаулымның" қалаулысы ұзатылды

0
8 527

Бүгін "Қалаулым" бағдарламасының жұлдызы Жанеркені сүйіктісі Еркебұлан ұзатып алып жатыр.


Қалаулымның қалаулысы ұзатылды. Бүгін "Қалаулым" бағдарламасының жұлдызы Жанеркені сүйіктісі Еркебұлан ұзатып алып жатыр.

Жанерке мен Еркебұланның махаббат хикаялары көпшіліктің көз алдында болғаны белгілі. Олар өздерінің жеке өміріндегі жаңалықтарын үнемі желіде бөлісіп отырды. Бұл жолы да сол дәстүрді бұзбай тойдан суреттер мен видеоларды желідегі парақшаларына жүктеп жатыр.


Мұны көрген желі қолданушылары да олармен бірге қуанып, "Жанерке жаным бақытты бол. Бүгінгі киген көйлегің қатты ұнады өте əдемі, басыңдағы сəукелені айтсайшы, қандай керемет. Көздің жауын алады", "Ал, Жанерке, бірер сағаттан сон Сатпаев каласына да келіп жетерсің. Қадамына нұр жаусын! Еркебұлан жерлесім екеуің мәңгі бақытты болуларынды тілеймін! Ел не демейді. Өзің де,көйлегің де,кулімдеген жүзінде әдемі. Жолдарын болып,аман есен келіндер!" деп тілеулестіктерін білдіруде.

Фото: erkebulan__ahmetbek

ERNUR.KZ