"Қалауым" бағдарламасына ән айтуға барған әже эфирде құлап қалған (видео)

0
6 607

"Көзі нашар көреді екен, баспалдақты көрмей қалыпты".


Атышулы «Қалауым» бағдарламасына келген әжелер тобының бір мүшесі эфирде құлап қалған. Бұл видеоны бағдарламаға қатысушылар таратқан.

Видеоны алғашқы жүктеген Ұлмекен Болысбекқызы: «Oрыстар айтушы еді: грех и смех деп. қазақ айтпаушы ма еді: күлсең кәріге күл деп. Вообщем солай. СТОРИСТЕ ЖАЛҒАСЫ БАР...
Тікелей эфир болған соң ешкім ойламады бұлай болады деп. Эфир біткен соң бірме-бір әжелерді қолынан сүйеп алып шықтық. Уайымдамаңыздар!!!

Ал эфирдің өзін қарап шықсаңыздар сол күнгі, сіздерде қызыққа батар едіңіздер. Әжелер ән айтты, керемет қызықтарымен бөліскен еді», - деп жаза келе әженің жерді байқамай қалғанын және еш жері ауырып қалмағанын айтқан.

Видеоны көру үшін басыңыз:

Оның айтуынша, баспалдақты көрмей қалуға көзінің нашар көретіндігі себеп болған. Бірақ желіге жариялаушы пікір жазуды бұғаттап тастапты. Десе де басқа желі қолданушылары оны таратып, бағдарламаны сынға алған.