"Қарақатпен шәй, Қыдырәлімен сауна" - желі белсендісі бағдарламаның шығуына неге қарсы?

0
2 867

Қарақат Әбілдинаның эфирге шыққанын сынға алған, желі белсендісі Қыдырәліге қандай ұсыныс айтты?


Отандық арналарда қаптап кеткен бір сарынды бағдарламалардан халық жалыққан сияқты. "Хабар" арнасынан жақында ғана көрерменге жол тартқан "Қарақатпен шәй" бағдарламасын желі қолданушысы сынға алды. Бұл туралы әлеуметтік желі белендісі Бейбіт Қазыбеков өзінің фэйсбук парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елге басқа қырымен танылған, халықтың жүрегін әнімен жаулаған әртісті ол үстел басына шәймен отырғызып, сол баяғы құлаққа жауыр болған сүрақты қайталай беретініне ашулы. Әртісті эфирге шығару, арна рейтингін көтеру деп білетін көпшіліктің ойына тереңірек ой салғандай көрінді. Алайда "ХАБАР" арнасына көк жәшіктің алдына әртіс отырғызғаннан ел тағдыры, денсаулық, білім салаларын тереңінен үңіле қарайтын бағдарламалардың жиі болғанын құп көреді көпшілік.

"Қарақат деген кім өзі, онымен ел шәй ішетіндей?" деген сауалға жауап іздеген Бейбіт жазбасында. Журналистика саласының жілігін шағып, майын ішкен майталман болса немесе елге жасаған еңбегі еленген нар тұлғаларымыз шәй беріп, ақылын айтса дейді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желі белсендісі Қарақат ханымға сын айта отырып, жолдасы Қыдырәлі мырзаға ұсыныс тастады.

"Үлкен етіп монша сал да бағдарлама аш. Жобаның атауын "Қарақатпен шәй кейін Қыдырәлімен сауна" деп қой" делінген жазбада.

"Қарақатпен шәй, кейін Қыдырәлімен сауна"

Жалпы, шәй с мятой, шәй с имбиром, шәй с молоком деген болады. Қарақатпен де болады, но адаммен емес.

Отандық телеарналардағы бағдарламалар бір-біріне ұқсас болып бара жатқан сияқты. Асығып, болатын уақытын күтіп көретін бағдарламалар саны азайғандай. Соның бір дәлелі - осы "Қарақатпен шәй" бағдарламасы. Штамп. Әдеттегідей бір әнші не әртіс келеді, сол дежурный сұрақтарын қойып, арасында қатты күліп алады, болды. Құдайым-ау, осы типтес бағдарламар еліміздегі арналарда мың ғой. Оның несін жарнамалап сүйінші сұрайды? Жалпы Қарақат деген кім? Неге онымен шәй ішеміз?
Қарақат - эстрада әншісі, бірақ шәй ішетіндей тұлға емес. Бар болғаны - әнші. Бұл бағдарламаны атын ауыстырып, форматын өзгертіп, елге елеулі, халыққа қалаулы салмағы бар тұлға немесе кәсіби журналист жүргізсе түсінетін едім. Онсыз да тас атсаң әншінің өзіне, түкірсең жердегі плакатына тиетін заманда эфирге жылтыңдатып шығара берудің қажеті қанша?
Басқа-басқа Хабар арнасының осы бағдарлама арқылы рейтингі көтеріліп кетті деп айта алмаймын. Өздеріңіз білесіздер, бәсеке үшін сапалы контент қажет. Мұны отандық массмедиа "Хабар" қаншалықты орындай алып отыр? Мынау сапалы контент емес, бұл жәй облыстық деңгейде арнада болатын бағдарлама. Бұлардың орнына кішкене аудитория тартатын халыққа өтімді әлеуметтік, денсаулық, білім саласына қатысты жоба жасаса. Ақыры Қарақатпен шәй болған екен, оны елге белгілі адамдармен емес, шынымен де Қарақатты көргісі келетін алыс-аймаққа, ауылдарға апарып, сондағы жетім-жесір, аз қамтамасыз етілген отбасы балдарымен сұхбаттасып, кездесіп, шәй ішсе басқа әңгіме. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздар, сондай жандармен кездесу үшін сонау Африкаға барып жатқанда, Қарақат апайымыз өз елімізді аралай алатын шығар деп ойлаймын.

Мен Қыдырәлінің орнында болсам былай деп лайфхак айтар едім.

"Қарақат, біз былай жасайық, үлкеееен қылып монша салайық, сосын оған адамдар шақыру үшін, жарнамасын «Қарақатпен шәй, Қыдырәлімен сауна» деп жазайық. Моншаға шомылып шыққан адамдарға сен өз қолыңмен шәй құйып бересің, ал мен олармен парға бірге түсемін. Вот видишь, біздерді көру үшін қанша адам келеді. Кішкене айналдырып алған соң бизнесті братишкаларға тапсырамыз, кейін ары қарай өздері жүргізе береді, ал біз әнімізді айтып тыныш жүре берейік" дейтін едім.

«Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» дейін десең, барлық арна өз бағдарламасын халық үшін жасайтын болған соң бұл мақалды қолдану тиімсіз" деп жазылған жазбада.

"Хабар" арнасы мен министрліктікті тегтеп жазған бұл жазбадан тындырымды тірліктерден қортынды күтеді, көпшілік. Біріңғай форматтағы, телебағдарламалардан ой саларлық, әлеуметтік қажеттілікке септігі тиер жобалардың жарыққа шыққанын құп көріп отыр.