"Карантин жоқ": Абай Бегей мен Асхат Тарғын Ресейде концерт берді

0
2 045

Концерт билеттерінің бірі де қалмай өтіп кеткен.


Қазақстандық танымал әншілер Абай Бегей мен Асхат Тарғын Ресейдің Орынбор қаласында бірігіп концерт берді. "Көрісу мерекесіне" орай ұйымдастырылған ән кеші екі күнге созылған. Шет елдегі концерттері жайлы өнер иелері Instagram парақшаларында жариялады.

Ассалаумағалейкум құрметті отандастар! Сіздерге Орынбордағы қандастарымыздан жалынды сәлем! Жаратушымыз әр түрлі болып жатқан жаман (вирус) ауырулардан сақтасын, - деп жазды Абай Бегей.


Асхат Тарғын әлем жұртшылығын алаңдатқан коронавирусқа қарамастан концерт берудің себебі болғанын жазды.

"Билет сатылып кеткен, осыншама халық күтіп отырғаннан кейін елімізде болып жатқан келеңсіз жағдайға қарамастан келдік. Ресейде карантин ештеңе жоқ екен. Елімізде тыныштық болсын, ауырмаңыздар ағайын!" - деді ол.

Абай Бегей мен Асхат Тарғынның концертінде болған тыңдармандар әлеуметтік желі арқылы ән кешінің жоғары деңгейде өткенін айтып, оларға алғыстарын білдірді. Ал ән кешіне жете алмаған тыңдармандар өкініштерін жеткізіп жатыр.