"Қартайды деген осы...": Ұлықпан Жолдасовтың досына жолдаған құттықтауы көпшілікті күлкіге қарық қылды

0
5 626

Лұқпан Жолдасовтың Досы Ерғали Әбдірайымовты видое арқылы құттықтауы көпшілікке күлкі сыйлады.


Ұлықпан Жолдасовтың Досы Ерғали Әбдірайымовты видео арқылы құттықтауы көпшілікке күлкі сыйлады. Сазгердің құттықтауын туған күн иесі өзінің парақшасында жариялап, "Сөзі қандай болса, жүрегі де əдемі дос. Азаматтың азаматы!" деп пікір қалдырды.

Видеода Ұлықпан Жолдасов тілек айтып жатып, "Жағажай" сөзін айта алмай қалады. Одан соң "Міне қартайды деген осы..." деп ақталған болады. Оның бұл бейнежазбасын көрген желі оқырмандары күліп, сазгердің құттықтауы шынайы болған деп баға беріп "Жарайсыз Ұлықпан аға! Тап-таза, шынайы құттықтау. Туған күн құтты болсын, Ерғали аға!", "Жүз жасаңыз! Дауысыңыз өте керемет!", "Уәкең, ақкөңіл, молодес жігіт! Ризамын сізге!" деген пікірлер білдірді.

Ал оқырманның тағы бір бөлігі "Жатып та құттықтай беруге болады екен ғой...", "Жұлдыздар енді бір-бірін әжетханада құттықтап видео жібермесе болды" деп Ұлықпан Жолдасовтың жатып тілек айтқанын жақтырмағандарын аңғартты.


Фото ашық дереккөздерден алынды.

ERNUR.KZ