«Қатты көңілім қалды»: Баян Мақсатқызы «Кинопарктің» жабылатынына қынжылысын білдірді

0
2 888

«Киноиндустрияның күйреуіне әкеледі»


«Қатты көңілім қалды»: Баян Мақсатқызы «Кинопарктің» жабылатынына қынжылысын білдірді

Белгілі продюсер, кино әртісі Баян Алагөзова жолдасымен бірге кинотеатрға барып, «Күшік құда» фильмін тамашалап қайтыпты. «Құдаларымен» кешкі ас ішіп «Кинопарк» желісінің жабылатынын естіп, көңіл-күйі түсіп кеткенін жазды.


«Көңілім қатты түсіп кетті, бірақ, бұл тығырықтан да шешімін тауып шығуға болады деп ойлаймын. Неге бізге Голливудпен тікелей келіссөздер жүргізбеске?! Біз өзімізді өзіміз түсіре алмаймыз ба, мысалы, мен мұны өте жақсы жасаймын. Осы орайда Мәдениет министрлігіне жүгінгім келеді, Сіздерден бұл мәселені назардан тыс қалдырмауыңызды сұраймын, өйткені бұл Қазақстанның бүкіл киноиндустриясының күйреуіне әкеледі, біз жай ғана кино түсіруді тоқтатамыз, бұл мыңдаған мамандардың жұмыс орындарының жоғалуы және ең алдымен мәдени-білім беру деградациясы…», - деді Баян Алагөзова.



Ал желідегі оқырмандар: «Өзімізге дамытатын уақыт келді», «Баянмен толық келісемін, таланттылар жетерлік. Бір орында тоқтап қалмау керек, өз алдымызға тәуелсіз болып даму керек. Бұл барлық жағынан керемет емес пе? Еліміздің экономикасы тек ұтар еді», «Әрине, өзіміз кино түсіруіміз керек, ешкімге тәуелді болмай-ақ» деген сияқты пікірлерін жазды.

Айта кету керек, осыдан біраз уақыт бұрын Баян Мақсатқызының жетекшілігімен түсірілген «HAPPINESS» («Бақыт») фильмі Германияда өткен кинофестивальде басты номинацияның бірін иеленген болатын. Бұдан бөлек, Баян Алагөзова Қазақстан кинотеатрларында 3 наурыздан бастап көрсетіле бастаған «Күшік құда» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған еді.