"Қазақ болу қауіпті болып барады": Ақын Қордайдағы жағдайға қатысты ойын айтты

0
10 971

"Әшейінде лотерея деп сарнап отыратын әнші сымақтардың кеше-бүгін қарасы да көрінбейді" деп жазды оқырмандардың бірі.


Белгілі ақын Ринат Зайытов Қордайдағы қақтығысқа қатысты өзінің пікірін білдіріп, әлеуметтік желідегі rinat_zaitov_resmi парақшасында жазба қалдырды. Ақынға Президенттің баяндамасындағы "арандатушылар жазаланады" дегенін құптамайтын секілді.

"Ақорданың назарына:

Аса қадірлі, қадірсіз екені белгісіз мырзалар, кеше Қордайда болған оқиға онсыз да алаң-елең болып отырған Қазақты тағы бір сілкіді. Ол шындық. Сол жағдайға Қ.К. Тоқаев мырзаның шұғыл назар аударғаны да жақсы. Бірақ, Қасымжомарт Тоқаевтың баяндамасынан бір салқын сөз шықты ол "арандатушылар жазаланады" дегені. Біздің елде аспаннан жауған жаңбырға да қарапайым халықты кіналай салатын биліктің жаман әдеті бар екені баршаға мәлім. Содан келіп, зар жылаған көпбалалы ананы, ұлтының намысы үшін, өз жерінде қытайға есе бермеген қазақ жігіттерін, т.с.с. қит етсе " Арандатушы ", "Бұзақы " дейсіздер. Өз басым Қордайдағы оқиғаға кінәлі қарапайым қазақ көріп тұрған жоқпын. Арандатушы да кінәлі де: шаңыраққа қарамай шалқайған дүнгендер мен сіздердің форма киіп алып, қолынан дым келмеген полицияларыңыз. Ар жағын өздеріңіз ойларсыздар..." - деп жазады ақын.


Ақынның ойы, жазбасы желі қолданушыларының ойынан шығып көпшілік ақынды қолдайтындарын жазған. Сондай-ақ көпшілік осындай кезде үнсіз қалған өзге ақындар мен әншілерді сынаған.

"Басқа ақындар, әншілер қайда жүр екен? Біреуі аузын ашпайды ғой пікір білдіріп. Сен тимесең, мен тиме деп отырма әлде?!" , "Ринаттан басқа шырылдайтын, елдің бетке ұстар азаматтары қайда? Шырылдауық шегірткедей жалғыз өзі шыр-пыр болады да жүреді. Белгілі өнер қайраткерлері, ақындар т.б", "Дұрыс біз өзіміз басқа жерге барсақ жан-жағымызға қарап жүреміз ғой. Олар болса полицияны менсініп жүрген жоқ, бұл деген заңды сыйламағандық", "Ағайын, байқайсың ба, бұл заманда Қазақ болу қауіпті болып барады" деп едіңіз ғой бір айтыста! Дәл айттыңыз ау деп қалам..." - дейді пікірін білдірген оқырмандары.

ERNUR.KZ