"Қазақша карантин": Полициядан қашқандар елді күлкіге қарық қылды (видео)

0
1 182

Карантин режимін бұзғандар арасында балаларымен жүргендер де байқалады.


фото: тengrinews.kz

Инстаграмм әлеуметтік желісінде "Қазақша карантин" атты видео тарап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Видео кадрларында полиция көлігінің көпқабатты үйлердің бірінің ауласына кіріп, дабыл қаққаны көрінеді. Тәртіп сақшылары дыбыстық ескертпемен алаңға бұрылғанда, серуендеп жүрген тұрғындар жапа-тармағай қаша бастаған. Қашып жатқан тұрғындар арасында балаларымен жүргендер де байқалады.


"Құмырсқа сияқты", "Біз ғана үйде отырған сияқтымыз", "Бір жағынан қызық, бір жағынан қорқынышты", "Полиция жарайсыңдар. Балаларды, ата-аналар мен ата-әжелерді тұтқындамас үшін алдын ала ескертпе беріп жатыр", "Барлық алаңдарда осылай", "Бұлай болса, карантин жалғаса береді. Тек үйде отырып, балконға ғана шығыңыздар",- деп жазады видеоны көрген желі қолданушылары.

Әзірге видеоның нақты қай қалада түсірілгені туралы ақпарат жоқ. Әлеуметтік желіде тараған видеолардың әрқайсысында әртүрлі айтылған. Бірінде Ақтөбе қаласы, енді бірінде Нұр-Сұлтан қаласы деп берілген.