Психолог қазақ әйелдері екі күйеуге тию керектігін айтты

0
2 898

Әрбір әйел 2 еркекке күйеуге шығуы керек, әрбір еркектің 2 әйелі болуы керек деген заң қабылдау керек.


Психолог қазақ әйелдері екі күйеуге тию керектігін айтты

"Бір еркек әйелді қамтамасыз ете алмайды. Туып жатқан баласын асырай алмайды, оған шамасы да келмейді. 2 еркек болса жақсы. Мен әйелдердің психикасын солай қорғағым келеді", - деді психолог Серікгүл Сәли журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Психологтың бұл сөзі желідегілердің ашуына тиді." Психика қорғалды ма, әлде қозғалып кетті ме? Не боп кетті, құдай сақтасын!"," "Масқара, өзі екі еркекке тисін. Талай адамды адастырады мынау", "Елді миы ашып кетті-ау деймін. Еркек тоқал алуға болады, болмайды деп жүргенде қатынның да екі байы болуы керек деп айды аспаннан бір-ақ шығарды ғой мына бір миы ашыған" деген сияқты пікірлерді оқуға болады.