"КЕЛІН БОЛЫП ЖАРЫТПАЙДЫ"- Байзақоваға дәстүр бойынша СЫРҒА салынды (ВИДЕО)

0
455

Айжан Байзақова тұрмысқа шыққалы жатыр ма?


фото: ашық дереккөзден

Хайп жасап, елге аты шыққан Айжан Байзақова келін атанды. Атышулы қызға қазақы дәстүрмен сырға салынған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Біраз уақыт бұрын балалы болғанын жүктеген Байзақованың басындағы ақ жаулығы мен киген киімі жұртшылықты таң қалдырды.

Кезекті әзілдерінің біріне балаған көпшілік қауым, бейнежазбадағы қыздың Байзақованың өзі екеніне сенбеді. Десе де, көзі қырағы көрермен қолындағы таңбасынан оның нақ өзі екенін байқапты.

Бұл видеоны көрген көрерменнің пікірі екі тарапқа бөлінді. бірі жас келінге бақыт тілесе, екінші өткенінде жасаған дүниелеріне реніші сейілмегендей көрінді.

«Егер Байзакова болса, ана отбасыдан обал болды-ау. Келін болып жарытпайды...», «Қазақтың пысық қызы ғой қəзір ана ұл тəрбиелеп отыр. Күшті келіншек болады тас қайнанатын. Шаруаның бəрін істеп. Әр қазақтың қызы жұбын тауып бақытты болсын!», «Баласы бар қатынға сырға салғаны қалай, қазақ па өздері?» деп жазды оқырмандар.

Бұл жазбаны бейнеклип немесе кинодан үзінді болуы да ғажап емес. Бұл да оқырманның пайымы.

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет