"Келіннің екі қолтығына нан қыстырып жатыр": Жазира Байырбекова беташардағы ырым-тыйымдарды сынға алды

0
2 150

"Беташарда жаңа сойылған қойдың терісін аяғының астына төсеп қойған".


Беташар тойдағы салт-ғұрыптарды сынға алған Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялады.

"Ойбуууй инстадан видеолар көрдім. Бірі шаңыраққа жаңа түсіп жатқан келіннің екі қолтығына 2-2 ден нан қыстырып,аузына нан салып жатыр. Бірі ұзатылып бара жатқан қызды кілемге отырғызып,еркектер көтеріп бара жатыр. Бірі қыздың жолына моншақ шашып,ол моншақты қыз басып құлай жаздап. Бірі қызды аңның терілерінен аттатқызып. Бірі беташарда екі жағында тұрған жеңгелерімен бірге тоқтамай жаттығу жасағандай иіліп тұр. Бірі ерлі-зайыптыларды келіннің артынан келген төсекке көпшіліктің көзінше жатқызып жатыр. Осындайлардың бәәәрі қайдан келіп жатыр, кімдер ойдан шығарып жүр?" -, дейді әнші.



Жазира Байырбекованың бұл ойын әртүрлі түсінгендер бар екен. Өйткені кейбірі әншіні қолдаса, келесі бірі әр елдің салты болатынын айтқан.

Олар "Келіннің екіт шетінен екі абысыны ұстап тұратын салты барын білетін шығар, өзің де келін болып түскенің де ұстаған шығар?!" , "Әр мемлекеттен келген қандастарымыз шығарып жатыр ондай ырымдарды. Біздің ауылда көшіп келген қандастарымыз беташарда жаңа сойылған қойдың терісін аяғының астына төсеп қойған. Қаны шығып тұр анау терінің. Ол не деп сұрағанымда келініміз қойдай жуас болсын деген ырым деді.Бірақ Қойдай жуас болып жүрген келінді көрмедім" деген сынды пікірлер қалдырған.