"Келінжан-3": Айсара қандай қитұрқылықтарға барады?

0
2 536

Көпшіліктің көңілінен шыққан сериалдың жалғасы бүгіннен бастап көрерменге жол тартады.


«Хабар» телеарнасындағы атышулы «КЕЛІНЖАН» сериалының 3-ші маусымы бүгін, 6 қыркүйек, сағат 21:30-да басталмақ. Бұл туындының жалғасын көрермендер көп сұрады, көп күтті.

Жаңа маусымның түсірілім жұмыстары осыдан 3 айдай уақыт бұрын басталған болатын. «Келінжандағы» басты рөлдердің бірі Айсараны ойнайтын актриса Дариға Бадықова инстаграмда көрерменіне алдын ала ескерту жасады.

«Басталмай тұрып бір ескертіп қояйыншы дедім. Жалпы, бізге Айсара сияқты отрицательный персонаждары бар, конфликт тудырар сериалдар ұнайды. Неге шетелдің сериалдарына құмармыз? Себебі онда конфликт бар. «Келінжан»-ның көп көрерменге ұнап, жүрегіне жол тартуының бір себебі де осы.»Келінжан»-да конфликт аз болғанда монотонный сериал болар еді.

Айтайын дегенім, баяғы Айсара Айсара ма, «Келінжан»-ның 3-сезонында Айсара қитұрқы тірліктің неше түрлісін көрсетеді. Ойбааай, небір өнерін көресіздер, масқара! Соны көріп, ертең Айсараны емес, Дариғаны сұмырай көріп жүрмеңіздер. Бізде актрисаны ойнаған рөліне қарай қабылдау кең таралған ғой. Кім жаман рөлде ойнаса, сол адам жаман, бәрі жабылып жек көреді әлгіні.Айсарадан Дариғаның мінезін іздеудің қажеті жоқ. «Күшті, шынайы ойнап тұр, өзінде де бар-ау осы қасиет. Тура өзін ойнап тұрған сияқты» дегендерді талай оқығам баяғыда. Күлем-ау, бірақ олай топшылау қате», - деп ағынан жарылды ол.

Айсараның айтуынша, Айсара – ол образ. «Маған қалай айтты, мен солай ойнадым. Жұмысымды жасадым. Сондықтан актерский игра деп қабылдайсыздар ғой. Негізі, отрицательный рольді ойнау – ең қиыны. Ондай теріс кейіпкерді сомдау оңай емес. Актерлық шеберлікті қажет етеді. Сондықтан Айсараға әр жыныңыз келген сайын актерлық шеберлікке тәнті болып отыра бересіздер ғой».

Желідегі әншінің оқырмандары «Жарайсыз, сіз мықты актрисасыз. Сізбен марқұм Болат ағаның “Көшкін” спектакліндегі рөліңізден таныспын. Шебер актерсіз!», «Мен күтіп асыға күтіп жүрмін», «Жаныңа жағымды эмоция сыйлап, көңіліңе қуаныш орнатып, күлкіге бөлеп отыратын мықты сериал. Тек табыс тілейміз. «Келінжан 4,5,6,7,8,9,10», тағылары шыға берсін!» деген пікірлер айтылуда.