«Кешірім бердім»: Баян Есентаева экс-күйеуінің бостандыққа шығатынын сүйіншіледі

0
1 792

«Өзім үшін, отбасым үшін!»


«Кешірім бердім»: Баян Есентаева экс-күйеуінің бостандыққа шығатынын сүйіншіледі

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың бірінші күйеуі Бахытбек Есентаев бостандыққа шықпақ. Бұл туралы Баян инстаграмдағы парақшасында жазды.


«Бұл жыл мен үшін аса маңызды болды. Немерем дүниеге келді. Менің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмім әлемді шарлап кетті. Бұрынғы күйеуіме қатысты әділдік орнады. Міне, бүгін экс-күйеуім Бахытбек Есентаевтың шартты түрде уақытша бостандыққа шығатыны белгілі болды. Бір ай бұрын мен оның босатылуына қарсы еместігімді білдіріп, кешірім бердім, құжаттарға қол қойдым. Сот өтінішімді қанағаттандырды. Жуырда ол бостандыққа шығады. Мен өте қуаныштымын, оған денсаулық және бар жақсылықты тілеймін! Өзім үшін, отбасым, балаларым, немерелерім үшін! Жаратқанға ризашылығым шексіз!» - деп жазды Баян.