«Кез келгеннің қолы жетпейтін бақыт» : Марат Омаров пен Қайрат Нұртас АҚШ-та алғаш рет көк туымызды желбіретті

0
7 823

«Қуанудың орнына күліп, мысқылдап қарайсыңдар!..»


«Кез келгеннің қолы жетпейтін бақыт» : Марат Омаров пен Қайрат Нұртас АҚШ-та алғаш рет көк туымызды желбіретті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Америка Құрама штаттарында қазақ елінің көк туы желбіреді. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Марат Омаров пен белгілі эстрада әншісі Қайрат Нұртас Филадельфия штатында Қазақстанның мемлекеттік рәмізі, көк туын ұлықтау іс-шарасына қатысты. Қос әншінің сүйемелдеуімен мемлекеттік әнұран шырқалды. Бұл туралы Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова инстаграм парақшасында бөлісті.



Отандық өнер иелерін желі қолданушыларының бірі қолдаса, енді бірі сынауда. «АҚШ елшілігі шағын жиналыс өткізген. Сонда Қазақстанның атынан Қайрат Нұртас барған ба? Түсініксіз екен. Біздің елде бәрі бола береді», «Қандай керемет! Денем шымырлап кетті ғой! Өзім АҚШ-та жүргендей», «Керемет көрініс, жарайсыздар! Ал мұны көре алмай, жаман пікір жазғандар көк туымыз биікке көтерілгенде мақтан етудің орнына күліп, мысқылдап қарайсыңдар! Қайта қолдау білдіріңдер!» деген сияқты пікірлерін жазуда.