Халыққа есеп беріңіз!» : Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан жиналған қаржының есебін сұрады

0
1 491

«Сіз пайғамбар жасынан асқан адамсыз»


Халыққа есеп беріңіз!» : Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан жиналған қаржының есебін сұрады

Белгілі эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева инстаграмда осымен бірнеше рет Майра Ілиясовадан Әлібиге көмекке жиналған қаржының есебін сұрады.

«@mayrailyassova, алтыннан ардақты Майра апкем, сіз Пайғамбар жасынан асқан адамсыз… Сізді айыптайтын мен емес…. Карта сізде болды( Каспи голдтың видеолары бар, сол мерзімде картадан ақшаны кім шешкені #21ғасыр) Каспи голдке түскен ақша , оны кім шешіп отырғаны зафиксированно) Нұрбақыт апкесі , интервью берді телефоннан, карточканы бір түсірілімге барғанда, Майра апкеге бердім деп …. Қан жұтып отырып, ол неге өтірік айтады…. Әпке, халыққа есеп беріңіз…. Осы ғана талап…. Ол менің ақшам емес, біз сауатты адамдармыз. (Такие правила! ) Адвокатты жалдағанда келісім - шарт бар ғой?? Соны желіге салыңыз… Болды! Бәріміздің мақсатымыз бір!! #әлібигеәділдік !! Сіздің тамыр-таныстарыңыз көп, шашбауыңызды көтеретін, концертке қоспай қояды дейтіндер бар, бірақ судың да сұрауы бар, апке…Біз , осы мәселе туралы қыста сөйлескенбіз, бетіңізге айтып, келісе алмай, сізді бұғаттауға мәжбүр болдым…Адвокат , Әлібиді 7 рет Алишер дегенде, мен наразылығымды білдіріп, Асхат Маемировке де , Меруерт Өтекешоваға де ашық айтқанмын…. Енді, Әліби соққыға жығылып, соқыршегі жарылып ауруханағы түсті дегенде шыдай алмадым… жаздым! Қайтем енді?! #тілкеспекжоқ Адвокаттар алған қаржыны келісім- шартпен алу керек қой… Сол есепті салыңыз желіге… Талап сол ғана… Казір , адвокат ауысты @abzalkuspan ( тегін қорғайды) бірақ, жолына, жүріп - тұруына тағы ақша жинаймыз…

p.s. Менi сотқа беремін депсіз… Беріңіз…(Танысыңыз көп, Астанада тұрасыз…)Әділетсіздік жайлаған заманда, басқа түскенді көрерміз….Мен енді бұл тақырыпты қозғамаймын…. #біраллағатапсырдым», - дейді Мерует Түсіпбаева өз жазбасында.