"Киіміңді сыйла": Асхат Садырбай жұлдыздарға және қазақстандықтарға эстафета жолдады (видео)

0
2 088

Қолдау білдіргіңіз келсе, сізде #КиіміңдіСыйла акциясына қатысуыңызға болады.


Республикалық "Qazaqstanteam" жастар ұйымы мен оның төрағасы, танымал журналист Асхат Садырбай жұлдыздарға және барша қазақстандықтарға "Киіміңді сыйла" эстафетасын жолдады. Бұл туралы журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

"Күн суыды. Жаздық киімдерді сандыққа тығып, қыстық киімдерді шығарған шығарсыздар? Былтырғы киімдерді кигіңіз келмеуі мүмкін. Өңі қашып, размері кішірейіп қалуы заңды. Егер оны біреуге апарып беруге ерініп, қоқысқа тастай салам десеңіз мына ақпаратқа назар салыңызшы. 1 дана джинсты өндіру үшін шамамен төрт мың литр су қажет. Оның зияны 33,4 кг көміртекті эквивалентті лақтырғанмен немесе 111 километрлік автожарыс нәтижесіндегі эмиссиялармен пара пар. Суды ластаушылардың 20 пайызы- тоқыма өнеркәсібінің қалдықтары. Әлемдік статистикаларға сүйенсек біздің киетін киімдерімізден гөрі арзанға сатып алып, сапасыз деп кимейтін, тастайтын киімдеріміз көп.
Ал, әр елде, Қазақстанда да киімге және басқа да тұрмыстық заттарға мұқтаж жандар миллион!
#QazaqstanTeam @qazaqstanteam қазақстандықтарды тұтынбайтын заттар мен артық киімдерді тастамауға, әр қаладағы әлеуметтік дүкендер мен орталық мешіттерге апарып беруге шақырады! Бұл арқылы сіз бір жанды қуантып сауап жинайсыз, рахмет аласыз және экологиямыздың ластанбауына үлес қоса аласыз! Себебі біздің елде қоқысты өңдейтін зауыт жоқ. Тасталған қоқыстың барлығы ауамызды, топырағымызды, жерімізді ластап, улап жатыр...
" - деп жазады Асхат Садырбай.

Танымал журналистің бұл эстафетасын желі қолданушылары да жаппай қолдауда.

"Өте тамаша, бастаған ісіңіз, тек АЛҒА! Мұқтаж адамдар бар ғой арамызда", Керемет жоба, апаратын біраз дүниелер бар еді","Күшті екен. Менің балаларымның киімдері бар, тар болып калған. Тастауға қимайсың", "Керемет идея",- деп жазған оқырмандар.

Сондай-ақ пікір қалдырушылар осындай дүкендерді еліміздің барлық өңірлерінен ашуды да ұсынған.


https://www.w3.org/1999/xlink"> stroke="none" stroke-width="1" fill="none" fill-rule="evenodd">
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Айту оңай, істеу қиын. Істеуге келгенде көбіміз ерінеміз, қол сілтей саламыз, кейінге қалдырамыз немесе менен басқалар да бар ғой деп жүкті өз мойнымыздан оңай ап тастай саламыз. Олай болмайды! Айттық па, істейік. Біз @qazaqstanteam командасы белсенді жастарды жаппай қайырымдылық пен табиғатты қорғауға шақырамыз! Осы орайда #КиіміңдіСыйла челенджін психолог @quralai_hanum ға, әнші @beibit_kushkaliyev ке, Nazarbayev University @nu_student_government белсенді студенттеріне жолдаймын! Сіздер де артық заттарыңыз бен киімдеріңізді осы дүкендерге немесе орталық мешіттерге апарып берсеңіздер