"Қорқамын": Гүлзира Айдарбекова екінші келінінің қарым-қатынасы туралы айтты

0
917

"Мақтауға да қорқамын" - дейді продюсер.


Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің екінші келінінің үйіне барып, сондағы сезімдерімен бөлісті. Айтуынша, ол тек сол үйде рахаттанады екен.

Гүлзира Айдарбекова: "Осы үйге келсем, демалысқа келгендей рахаттанамын. Балапандарымызды иіскеп, Айгерамыздың ашық-жарқын мінезі жанұямызды нұрландырып тұрғандай сезімде боламыз. Осы келінімді мақтауға қорқамын, көз тимесе екен деп".


Естеріңізде болса, осыған дейін продюсердің кіші ұлы мен келіні ажырасып кеткен еді. Ал атақты баласы Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова туралы да көп қауесет тарап жүргені жасырын емес.