«Коронавирус, кет-кет!»: Дональд Трамп Марат Омаровты еліне шақырды

0
1 373

Марат Омаровтың "Коронавирус, кет-кет-кет" әні індет басталған кезде әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, хит болып кеткен болатын.​


«Коронавирус, кет-кет!»: Дональд Трамп Марат Омаровты еліне шақырды

"Коронавирус, кет, кет, кет" хит әнінің композиторы, халық әртісі Марат Омаров АҚШ-тағы қайырымдылық концертіне шақырту алды. Шетелде өнер көрсету туралы ұсыныс бірнеше ай бұрын Дональд Трамптан түскен. Бұл туралы Марат Омаров желідегі парақшасында жазды.

«АҚШ-тағы блог-концертте қонақтар тізімінде мен де бармын. Бұл туралы әріптестерім айтты. «Коронавирус кет, кет кет» әнім шырқалады», - деп жазады композитор.

Осы туралы Марат Омаров Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында:

"Бұл – әннің құдіреті. Менің "Коронавирус, кет-кет-кет" деген әнім хит болып кетті. Бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясының мүшесі болғандықтан, өткен жылы желтоқсанда Нью-Йорк, Лас-Вегаста концерт бердік. Наурызда Майамиде концерт беретін болдық, бірақ коронавирусқа байланысты АҚШ президенті шараны кейінге қалдырды" – дейді.

Айта кетейік, Марат Омаровтың "Коронавирус, кет-кет-кет" әні індет басталған кезде әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, хит болып кеткен болатын.