«Коронавирустың болатынын алдын ала түсімде көрген едім» : Гаухар Әлімбекова сәуегей болып кеткен бе?

0
2 030

«Түсімде үш басты айдаһар Алматыға жақындап келе жатыр екен».


«Коронавирустың болатынын алдын ала түсімде көрген едім» : Гаухар Әлімбекова сәуегей болып кеткен бе?

Қазақстандық белгілі әнші Гаухар Әлімбекова коронавирус індетінің әлемді жалмайтынын алдын ала түсі арқылы білген. Әнші бойындағы көпшілік біле бермейтін қыры жайлы айтты. Айтуынша, осыдан екі жыл бұрын қорқынышты түс көріпті, - деп жазады stan.kz сайты.

«Кей түсім өңімде шындыққа айналып жатады. Мұны жаратқаннан келген ескерту деп білемін. Осыдан екі жыл бұрын бір түс көрдім. Түсімде үш басты айдаһар Алматыға жақындап келе жатыр екен. Аузын арандай ашпақ болады. Адамдар оған қарсы шығады. Аузын кең ашуға мүмкіндік бермей жатыр. Біршама уақыт өткенде айдаһар кері тартына бастайды. Алайда жан-жақта сұлап жатқан адамдарды көрдім. Бұл қазіргі коронавирустың көрінісі емес пе? Менің кейде көрген түсім өңімде болып жатады. Барлық түсім болмаса да, кей түсім ескертпе секілді», - деді әнші.

Сондай-ақ әнші көпшілікті сақтыққа шақырып, вакцина алған адамдардың өзі бетпердемен жүру керек деген кеңесін айтты. Бұл сақтықтан зиян тимейді дейді ол.