"Күйеуі емес-ау": Мөлдір Әуелбекова жаңа өмір бастағанын жария етті

0
2 488

"Әншіге "Бір мүмкіндік бер" деп жүрген жігіт осы болды ғой"...


Соңғы уақытта танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына сүйіктісімен қол ұстасып түскен сурттерін жиі жариялап жүр. Өткен жазбаларының бірінде өнер иесі "Махаббат емі - үйлену" деген пікір жазып, өзінің тұрмыс құруға ниеттеніп жүргенін жеткізгендей болған. Ал, бүгінгі жазбасы әншінің жаңа өмір бастағанын көрсетіп тұрғандай.


"Сәрсенбінің сәтті күні, жаңа қуанышты өміріміз басталды" деп жазған әнші.




Мөлдірдің жүзін жасырып, тек сыртынан ғана " тамсандырған" сүйіктісі кім болды екен? Оқырмандар да бұл бақытты жанның кім екенін біле алмай дал болып жатыр. Бірі бұрынғы күйеуі екенін жазса, енді бірі бұл пікірмен келіспей әлек.

"Капюшенін кигізіп қойыпсыз, әйтпесе шашынан танып қоятын едік", "Күйеуіңізбен татуластыңыз ба?", "Күйеуі емес-ау, ұқсамайды", "Теледидарда бір мүмкіндік бер деп жүрген бар деп еді, осы бала болды ғой", - деген пікірлер жазылған.

"Оның сүйіктісінің кім екені маңызды емес, бастысы бақытты болса болғаны" деушілердің де қарасы көп.