"Күйеуімді тыңдайтын болдым": Белгілі журналист өзінің өзгерістері туралы айтты

0
3 800

"Құрбымның туған күніне бара алмай қалдым" - дейді ол.


Белгілі тележурналист Әйгерім Сейфолла қазір күйеуін тыңдайтын болғанын, ол қаламаса еш жерге бармайтынын айтыпты. Ал бұрындары оған мұндайға көну қиынырақ болғанын айтады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Әйгерім Сейфолла: "Күйеуімді тыңдайтын болдым.

Бұрын бір жерге барарда сұранғым келмей, әзер дегенде “өзімді сындырып”, барсам бола ма деп сұранатынмын. Кейінгі уақытта кәдімгідей өзгеріп кеткенімді байқаймын. Бәрін айтып, ақылдасып, ол кісінің рұқсатымен жүретін болыппын. Бүгін мысалы, құрбымның туған күніне бара алмай қалдым. Маған не болды?
Қыздар, сіздер қандайсыздар? Отағасының рұқсатын күтесіздер ме?".


Мұны оқыған желі оқырмандары күліп, оның жақсы қасиет екенін айтқан. Олар "Дәл сіздей болып жүрмін мен де. Барма десе еш қарсылықсыз қала саламын. Бар десе, "бармаяқ қояйын ба" деп қалатын болдым ғой арасында. Рұқсат бермесе, жолым болмай қалатын сияқты бір түрлі боламын" деген сияқты ауандағы пікірлерді көптеп жазған.