Ләйлә Сұлтанқызы: "Кей қыздардан "отырып қалдым" дегенді жиі естимін"

0
2 680

Оның ойынша, қыздар тұрмысқа ерте шығып ажырасқанша, өзін жамандықтан тыйғаны дұрыс.


Ләйлә Сұлтанқызы:

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қыз баланың тұрмысқа шықпай жүріп қалуының бірнеше себебі бар екенін айтып, оларды түсіндіріп берді.

Тележүргізуші үлкен жас айырмашылығымен бас қосып, отау тіккен белгілі әнші мен журналист қыздың әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуіне орай жазба арнаған.

" Позитивті жаңалықтардың бүгінгі хиты - Нұрғали аға. Той жайлы бірінші ақпарат таратқан жігіт: «Мықты болсаңдар, 82 жаста әйел алып көріңдер», - депті. «Жүрекжардыдағы» Жадыра әріптесімді құттықтаймын! Бақытты болудың ерте-кеші жоқ. Кей қыздардың да «уақытым келді», «отырып қалдым» дегендерін жиі естимін. Әркімнің өз бағы, өз бабы бар. Енді бұйрық келмеген шығар, өзіңіз іштей дайын емес шығарсыз. Бәлкім, өз адамыңызды кезіктірмеген шығарсыз. Ерте тиіп, іштей тынып, ажырасу санын көбейткенше, саналы түрде шығып, #жамандықтан тыйылған жақсы. Оның үстіне, биылғы статистикамен әр екінші отбасы ажырасып жатыр. Әр екінші отбасы тұрмысқа жаспен емес, баспен #ажыраспаймын деген #аффирмациямен шығыңыздаршы. Оның нақты уақыты жоқ. 25 жаста,30 жаста да сіз жассыз, 35 жаста да" - деп жазады Ләйлә Сұлтанқызы.

Жазба астындағы оқырмандардың пікірі әдеттегідей екіге бөлінген.

"Осы Сіздер «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген принциппен, барлық нәрсеге «көз жұма» өтірік майысып қарайтындарыңыз біздің қоғамды улап бітті! Бетке тұтар Азамат деп жүрген атамыз төрінен көрі жақын кезде қайдағы үйлену? Мына қызға ақыл айтудың орнына қолдап отырсыз ба?", "Ерте тиіп ажырасқан жақсырақ, ерте жесір қалғанша", "Ешқандай позитивті жаңалық емес, ұят қой" деп жас алшақтығына қарамай отау тіккендерді қолдаған Ләйлә Сұлтанқызын сынға алған.

"Дұрыс айтасыз, Ләйлә Сұлтанқызы. Мен қолдаймын! Жастар бақытты болсын!, "Кез-келген жан бақытты болуга лайықты. Әркімнің өз таңдауы өзінде. Бақытты болсын!", "Шет елге тұрмыс құрғанша, кәрі қыз атанғанша бұл да дұрыс" деп қолдағандар да бар.

ERNUR.KZ