Луинаның "арсыз" суретіне желі қолданушысы өлең арнады

0
4 457

​Кеше белгілі әнші Луина инстаграм парақшасына өзінің​ шілтері көйлекпен түскен суретін жариялап, оқырмандарына қайырлы түн тілеген болатын. Бірақ желі қолданушыларының назары оның тілегіне емес, көйлегіне ауып кетті.


Луинаның

Кеше белгілі әнші Луина инстаграм парақшасына өзінің шілтері көйлекпен түскен суретін жариялап, оқырмандарына қайырлы түн тілеген болатын. Бірақ желі қолданушыларының назары оның тілегіне емес, көйлегіне ауып кетті.

"Қазақ қызына тән қылық емес" деген оқырмандар, әншіні ашық-шашық түсетін суреттері үшін кінәлап, тіпті әншіні қатты балағаттап жазғандары да бар. Ал @armansiz_adam_emespin деген атпен тіркелген тағы бір желі қолданушысы, әншіге төмендегідей өлең жалдарын арнап, оны мұндай көйлектер кимеуге шақырған.

armansiz_adam_emespin

"Әпке ау не боп кетті мына сізге.

Кімге сіз болып жүрсіз қара өкпе?

Мынандай арсыздықты көрсетердей,

Ерегісіп халықпен жүрсізбе әлде?

Сізді көкке көтеретін тек халық.

Сізде қара бет қылатында халық.

Мына көйлекке де құдайға шүкір,

Жалаңаштықтан сақтап тұр бір сызық..."

Бірақ оған әнші аса назар аудармайтын сықылды, өйткені бірде-бір пікірге жауап қайтармапты...


Фото: @luinaofficial

ERNUR.KZ