Мадина Оспанова ТТТ-ны сүйіп қалғанын мойындады

0
4 718

Жас актриса осы уақытқа дейін өзін тез түсінетін жанды кезіктірмегенін айтты.


Мадина Оспанова ТТТ-ны сүйіп қалғанын мойындады

Біраз отандық туындыда бой көрсетіп жүрген, Төреғали Төреәлінің фильміне түскен жас актриса Мадина Оспанова өзінің жүрегін жаулаған сүйіктісі туралы алғаш рет ашық түрде айтып берді.Бұл туралы өнер иесі Аман Тасығанның "TalkLike" бағдарламасындағы сұхбатында айтты.

Жас актрисаның айтуынша, сүйіктісі өзін жарты көз қарастан-ақ түсініп қояды екен.

"Ол өте жан-жақты жігіт. Өнерді де жақсы түсінеді. Мені түсірілімдерден кейін алып кетіп тұрады. Аты-жөні "ТТТ", көлігінің нөмірі де "ТТТ". Тіпті бір түсірілім кезінде режиссер ағай менен "Мадина сені Төрештің өзі алып кетіп тұрады ма?" деп сұрақ қойып таңғалдырған. Бірақ ол жігіттің аты Төреғали емес. Екеуміз жастымыз. Ол мені келін ретінде ата-анасымен таныстырды" , - деп ағынан жарылды актриса.

" Біз достарымыз арқылы Алматыда кездесіп, танысқанбыз. Мен қазір шын ғашықпын. Бір қуантатыны ол жігіттің өнерге ешқандай қатысы жоқ. Мен өнердегі адамды қаламаймын. Себебі өнердің қыр-сырын, лас нәрселерін жақсы білемін" - дейді Мадина Оспан.

Жас актрисаның айтуынша, ғашықтар бір-бірін ата-аналарымен таныстырып, алдағы уақытта отбасы болуға ниет еткенімен, әлі нақты той күндері белгіленбегенін жеткізді.