"Махаббат символы": Желі оқырмандары Жұлдыз Өмірғалидың күйеуін танымал актермен шатастырып алды

0
1 272

Әнші Айқын Төлепберген мен оның жұбайы Жұлдыз Өмірғалидың бейнежазбасын желі оқырмандары басқа актермен шатастырған.


Жұлдыз Өмірғалидың әлеуметтік парақшасына жариялаған бейнежазбада кім екеніне оқырмандар таласты. "Махаббат символы", "ХХІ ғасырдың Қозы Көрпеш Баян Сұлуы", "Аңсар деп ойлап қалдым", "Бұл Аян ба?" деген пікірлер жазды. Айқын Төлепбергенді әншінің оқырмандары жақында ғана аяқталған "Ақжауын" телехикаясында Аңсардың рөлін ойнаған Аян Өтепбергенге ұқсатқан.



Айта кетейік, "Ақжауын" телехикаясында Аян Өтепберген мен Жұлдыз Өмірғали Аңсар мен Назым есімді ғашықтардың рөлін сомдады.