"Мамасының баласы": Ажырасқандарына енелерін кінәлаған екі жұлдыз жаңа ән шығарды (видео)

0
2 490

"Жанар Айжанованың қызы деуге ауыз бармайды" деп жазды бір оқырман


Жақында ғана "Енелерінің әсерінен ажырасып кеттік" деген Айжұлдыз Адайбекова мен SAY MO бірге ән жазбақ. Бұл туралы SAY MO өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Тіпті олар бірге видеоға түсіп "Мамасының баласы, Өкпелеген түріне қарашы..." деп әндеткен.


Бірақ олардың бұл видеолары желі оқырмандарына мүлде ұнамаған сыңайлы. Өйткені олар "Екеуің бір-бірлеріңді тауыпсыңдар. Ығай мен Сығай", "Ол жігіттер баяғыда жетістікке жеткен жігіттер мамасын тыңдаса жаман болмас, келін екем деп иілуді кісілікті білмеген соң кеткенсіңдер го екі жігітте керемет жігіттер", "Байды тастады, енді шошаңдау керек қой, бәрін бітірді енді не істесін? Жанар апайдың қызы деуге ауыз бармайды. Шешесін ұятқа қалдырған" деген сияқты пікірлерді көптеп жазған.