«Мәссаған!»: Супермамасита хэйтерлеріне пышақ сұқты

0
1 506

«Қызыл жіп хит болады деп ойламадым»


«Мәссаған!»: Супермамасита хэйтерлеріне пышақ сұқты

Қызыл жіп сатып, елді бақытты етемін деп жүрген блогер Әлия Байтұғаева желіде сынның астында қалған соң өзіне психологсыз психотерапия жасағысы келіпті.

Ол өзіне негатив пікір айтқан хэйтерлеріне қарата үйінде 15 күннен бері тұрған шарларға пышақ сұғып, эмоциясын шығарды.



Супермамасита атымен танылған вайнер: «Қызыл жіп хит болып, сонша шу шығарады деп ойлаған жоқпын. Жәй ғана істеп, қуаттап қойған едім. Бейне бір бүкіләлемдік жаңалық сияқты қабылданып кетті. Бір қызығы, мені сынаған блогерлердің оқырмандары менің парақшама келіп, тамашалап, «Өте қызықты жансыз!» деп жазып, «Қызыл жіп қалды ма? Сатып алғым келеді» деп сұрап жатыр. Мен сілтемелердің бәрін өшіремін. Жіп таусылды. Шын мәнісінде көп те емес еді. Ал сатып алғандардыкін ертең почтадан салып жіберемін», - деді ол.