Медеу Арынбаев: Қайрат Нұртасқа демалу керек

0
3 807

Сондай-ақ Медеу Арынбаев Төреғалиды әнші деп айта алмайтынын да жеткізді.


Медеу Арынбаев: Қайрат Нұртасқа демалу керек

фотоколлаж ernur.kz.

Сахнада өзіндік орны бар, танымал әнші Медеу Арынбаев Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында бүгінгі күннің хитмендері Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі және Әбдіжаппар Әлқожа жайлы бар ойын ортаға салды. Оған қоса, әнші оларға өзінің ағалық кеңесін берді.

Эстрада жұлдызы олардың біреуіне даусын демалдыру керек екенін айтса, енді бірін мүлдем әнші ретінде есептемейтін айтқан.

"Әнші деп Төреғали бауырымды айта алмаймын. Төреғали тапқыр, дөп түсе қояды. Өзінің даусына келетін, ақындығы бар, сөзімен алып кетеді. Актерлік қасиетімен алып кетеді. Ал оңтүстіктің тумасы өз бауырым Қайрат Нұртасқа қазір даусын қолға алу керек. Аздап демалу керек. Связка деген шаршайды. Даусы шаршаңқырап қалған.
Негізі ол өзі шаршайын деп даусын шаршатып жүрген жоқ. Халық шаршатады. Аздап демалыс алу керек, алты ай болсын сөйлемеу, үндемеу керек. Даусын емдету керек. Алдында бір концертте даусы сәл қысылып қалып, халық соны шу қылған", - дейді Арынбаев.