Мейрамбек Бесбаев: "Ағайын, індеттің бары рас!"

0
3 048


Мейрамбек Бесбаев:

Халықтың сүйікті ұлы Мейрамбек Беспаевтың ауруханаға түсіп қалғанын естіген жұрт абыржып қалған еді. Эстрада королінің тыңдармандары ол үшін жақсы тілектер тілеп, жазылып кетуіне тілектес болып жүрді.

Әнші де өзінің тыңдармандарын көп күттірмей, жақсы жаңалығымен бөліскен. Ол өзінің инстаграм парақшасына "21.21.21. Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға-әпкелеріме, достарыма мың алғыс. Ес білгелі бері елім алақанына салып әлдилеп келеді. Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Айналайын ағайын, індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер. Бірінші байлық денсаулық екенін есте ұстайықшы. Қорыта келе, мен үшін алаңдаған баршаңызға рахмет! Мен сіздерді жақсы көремін. Ауырмаңыздар" деп жазды.



Осылай деген әнші оқырмандарына індеттен сақтану керектігін ескертті әрі барлық тілекшілеріне алғыс айтты. Бесбаевтың бұл жаңалығын естіген өнердегі әріптестері мен тыңдармандары қуанып, оған ұзақ өмір тілеуде.