"Мейрамбек Беспаев тойды өртеп жатыр": Әншінің биі де хитке айналды (видео)

0
13 485

Оқырман: "Шаршамаға" билеп, шаршамай жүріңіз".


Атақты эстрада королі Мейрамбек Беспаевтың биі желіні жарды. Оның тойда билеген видеосы әлеуметтік желіде кең тарап, түрлі пікірлер тудырды. Ол видеоны жариялаған бір парақша "Мейрамбек Беспаев тойды өртеп жатыр" деп жазба қалдырған.


Бұл видеоны көрген оқырмандар, сүйікті әншілерін жер-көкке сыйғызбай мақтады. Олар "Алтын Адам Мейрамбек Беспаев", Керемет жан ғой Мейрамбек аға", "Шаршамаға билеп, шаршамай жүріңіз" деген секілді пікірлерді көптеп жазуда.