«Мен қазақпын» әнінен қандай қате кетті

0
3 390

"Әннің қазіргі орындалуында мәтіннің бір-екі жері қате айтылып жүр".


«Мен қазақпын» әнінен қандай қате кетті

ERNUR.KZ. «Мен қазақпын» әнінің мәтінін жазған айтыскер ақын Нұржан Өмірбаев әннің бір-екі сөзі қате орындалып жүргенін айтты, деп жазады Елорда Инфо.

«Әннің қазіргі орындалуында мәтіннің бір-екі жері қате айтылып жүр. Мысалы, «Сүрінгенде, бүлінгенде» деп айтылып кеткен. Ал мәтіннің түпнұсқасында ол «Сүрінгенде, бүгілгенде» болатын. Одан кейін «Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда» емес, дұрысы: «Желдей жүйрік жылқы мінбей, арманда...» болуы керек. Әнді көпшілік орындағанда осы дұрыс нұсқасымен шырқаса екен деген тілегім бар автор ретінде», – деді Нұржан Өмірбаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар.

Автордың өтініші бойынша оқырман назарына ән мәтінінің түзетілген нұсқасын ұсынамыз.

Мен қазақпын

Сөзі: Нұржан Өмірбаев / Әні: Жарасқан Төлебай

Қазақ болып тумағанда нетер ем?!
Бұл жалғаннан бақыт таппай өтер ем.
Желдей жүйрік жылқы мінбей, арманда
Аламанда ат оздырмай кетерем.

Қазақ болып тумағанда нетер ем?!
Өкінішпен өртенер ем өте мен.
Қасиетті домбыраны қолға алмай,
Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем.

Қайырмасы:

Мен қазақпын!
Бойымдағы қан қазақ!
Мен қазақпын!
Мен шырқайтын ән қазақ!

Бір қазақтың
Бақыты мен бағына
Барша үнімен
Қуанса екен бар қазақ!

Мен қазақпын!
Түрім қазақ, тіл қазақ!
Мен қазақпын!
Мен айтатын жыр қазақ!
Сүйеу болсын, тіреу болсын
Мың қазақ
Сүрінгенде, бүгілгенде бір қазақ!

Қазақ болып тумағанда нетер ем?!
Қалай басқа байрақтарды көтерем?!
Жеті бірдей қазынамнан айрылып,
Жеті атамды жаттай алмай кетер ем!

Қазақ болып тумағанда нетер ем?!
Қонақжайлық жайын білмей өтер ем.
Қымыз-шұбат, қазы-қарта, құрт, майсыз
Қадір қашып, қарным ашып өтер ем!

Қайырмасы:


Солдан оңға қарай: Жарасқан Төлебай, Нұржан Өмірбай, Қуандық Рақым