"Менен талай таяқ жеген": Айгүл Иманбаева кімдерді ұрып жүр?

0
3 818


Әнші әрі талантты актриса Айгүл Иманбаева өзінің шәкірттерін камерамен жұмыс істеуге қалай үйреткенін айтып, естелік жазды. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына төмендегідей жазба қалдырған ұстаз өзінің оқыту әдісінің негізі еңбекке баулу екенін айтқан.

Айгүл Иманбаева: "2019 жылы мені «Бізбен бірге» атты тележобаға шақырды. (Ескерте кетейін мен солақаймын. Сол себепті сиырды сол жағынан сауып отырмын) Сонда мен Ененің рөлін сомдағам. Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде А.И шеберханасын бітірген менің 3 шәкіртім менімен бірге қатысты. Ол кезде олар студент болатын .менімен бірге партнер болып, осы тележобада ойнады.

Ең алғашқы кезде камерадан қысылып, камеранын алдында қалай ойнау керегін, қалай сөйлеу керегін білмеді.Театр сахнасында ойнау мүлдем бөлек, 40 шы қатарда отырған көрерменге дауысты жеткізіп сөйлеу керек.
Сол кезде мен өзім ұстаз ретінде шәкірттеріме айтқан ақылым. ол тележоба болсын, кино болсын - камераны жақсы көру, камерамен сөйлесу, сырласу керек, камераға ашылу керек. Түсірілім алдында камерамен тіл табысу ол өте маңызды. Шәкірттерім 10 дубль жасап, камераға үйрене алмай қиналып, менен талай рет таяқ жеген. Жаз бойы түсірілім алаңында жүріп үйреніп ,қалай жұмыс жасау керектігін үйреніп алды. Қазір енді камеранын алдында өздерін еркін ұстайды.
Өнерде өзіңді жеңе білу керек, күресе білу керек. Өнерде ең бастысы ол еңбек. Сондықтан менің оқыту әдісімнің негізі - еңбекке үйрету".


Бірақ бұл жазбаны көрген оқырмандардың назары оның шәкірттеріне емес, сиырды қалай сауғанына ауған. Олар Иманбаеваны сиырды сол жағынан сауып, оның желінін жуған суды төкпегенін сынға алған.