"Менің жүрегім қас айырылып жүр": Тұрсынбектің әйелі ақпарат таратқандарды жауапқа тартатынын айтты

0
5 859

"Біз іске көштік", - дейді ол.


"Тұрсынбектің қызы ҰБТ-ны өзі тапсырмады" деген жаңалық желіде желдей есіп кетті. Көпшілік оларды даттаса, енді бірі ақтауға тырысып жатты.

Болған оқиғаға қатысты Тұрсынбек Қабатов та өз ойын білдірген еді. Ал кеше әйелді өздерінің "Іске көшкенін айтты". Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Мөлдір Мұқанова: "Бала дегенде әрбір әке мен шешенің шығар жаны бөлек.
Дәл қазір біздің отбасымызға жасалып жатқан ақпараттық шабуылға біз үнсіз қалып отырған жоқпыз. Біз іске көштік. Жақында ақ-қарасын дәлелмен ажыратып, халық алдында есеп береміз. Тек уақыт керек.
Өмірде жалған жала арқалағаннан асқан сорақылық жоқ екен. Дәл қазір менің ана жүрегім қас айырылып жүр. Өзіміздің қазақ бауырларымыздың бізді “халық жауы” етіп көрсетуге сонша талпынып жатқаны күйіндіреді. Ашық тұрған жарамызға тұз сеуіп, бізбен қоса баламызды ащы сөз, жалған ақпаратпен тұншықтырып жатқан әлеуметтік желі белсенділеріне налимын. “Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос” - деп Абай бабамыз келтірген жолдар қай кезде де өзекті. Қазақты жығып беретін, жығылған кезде жұдырық беретін де өз қазағымыз… өте өкінішті!

Халық алдында ұпай жинау үшін, охват пен лайк санын көтеру үшін теріс ақпарат таратқан, жеке бастың құқығын таптаған, бойжеткенге тіл тигізген әр блогер, жазушы, желі белсендісі Заң алдында жауапсыз қалмайды.

Өмірге өкпелі адамдар өзгелерді сөккісі келеді де отырады… Алла олардың балаларына жар болсын! Руханиятқа бет бұрып, өмірден “мән” іздегендер өзгенің баласына ауыр сөз айтпас еді".


Мұқанованың жазбасын оқыған жанашырлары мен жақтастары оған қолдау білдіріп, бәрі орнына келетінін айтып жігерлендірді. Олар Мөлдір ханымға "Мөлдір уайымдама! Алла қаласа бәрі жақсы болады. Біздің қазақ бар болса көреалмайды, жоқ болса береалмайтын қазақ. Аллас сабыр берсін!", "Бәрі жақсы болады уайымдама. Бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайды деген осы. Алла жар болсын!" деген ойларын тоқтаусыз жазып жатыр.